empty
 
 

Үшінші күн екінші күннің қара шырағының ішінде ашылады, содан кейін баға бірінші күннің шырағының ішіне түсіреді. Нәтижесінде егер «Екі қарға» фигурасы бір ғана шыраққа келіп тірелсе, біз «Қара бұлттар» моделін аламыз.

Алшақтық тез толғандықтан, біз трендтің жалғасуы туралы айта алмаймыз.

Модельді қалай тануға болады?

1. Ұзын ақ шырақ трендті жалғастырады
2. Екінші күні жоғары қарай үзілу орын алады, бұл күн қара шырақпен сипатталады.
3. Үшінші күн де қара түсті.
4. Үшінші күн екінші күннің қара шырағының ішінде басталып, бірінші күннің ішінде жабылады.

Модельдің психологиясы және оның сценариі

Нарық ұзақ уақыттай өседі. Екінші күннің төменгі жабылу бағасы соңынан жүретін жоғары қарай үзілу өсудің әлсіздігін көрсетеді. Үшінші күн жоғары ашылады, бірақ алдыңғы күндей жоғары емес, содан кейін баға түседі. Сауда бірінші күннің шырағының ішінде жабылады. Яғни, үзілу екінші күннен кейін толығады. Бұқа тренді нарықтан тез кетеді.

Модельдің икемділігі

«Екі қарға» фигурасы үшін «Ұшып шыққан екі қарға» моделіне қарағанда айқын көрінетін аю тренді тән. Үшінші күн — ұзын және қара — әрдайым бірінші күннің шырағының ішінде жабылады. Қара күн неғұрлым ұзін болса, жабу бағасы соғұрлым төмен, аю тренді соғұрлым айқын көрінеді.

Туысқан модельдер

«Екі қарға» моделі «Аққан жұлдыз» фигурасына түрленуі мүмкін, бұл оның аю сипатымен үйлеседі.

Модель «Қара бұлттар» моделіне ұқсас, өйткені нарықта қысқа мерзімді шыңның қалыптасқанын айтады. Егер модельдің екінші және үшінші күндері бір шыраққа келіп тірелсе, сонда модель «Қара бұлттарға» айналады.

«Ұшып шыққан екі қарға» моделінен айырмасы мынада, оның үшінші күні бірінші күннің шырағының ішінде жабылмайды.

Сонымен қатар, «Екі қарға» «Кешкі жұлдызға» ұқсауы мүмкін— бар айырмасы, екінші және үшінші шырақтың арасында үзілу болмайды.

Екі қарға (Нива гарасу)

Жүктеу


Тізімге оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.